Қырғызстан Парламентінің комитеттері Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселелері жөніндегі келісімді мақұлдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы КР Заң шығару ассамблеясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, алты мамандандырылған комитет Бішкек пен Душанбе арасындағы үш маңызды құжатты қарастырып, қолдады.
Дереккөзде: “Парламенттердің бірлескен отырысында Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселелері бойынша бірқатар құжат қаралып, мақұлданды”, — деп жазылған.
Тиісті комитеттер Бішкек пен Душанбенің Қырғызстан-Тәжікстан мемлекеттік шекарасы, екі ел арасындағы автомобиль жолдарын салу және пайдалану, сондай-ақ, су шаруашылығы және энергетикалық нысандарды пайдалану туралы келісім жобаларын талқылап, мақұлдады.
Сонымен қатар, Қырғызстан Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев екі елдің демаркациялық жұмыстар аясында жер телімдерін әділ айырбастағанын мәлімдеді.
Ташиевтің айтуынша, екі ел арасындағы келісім негізінде Баткен облысындағы Достук ауылы мен басқа да бірқатар аумақ Тәжікстанға берілді.
Сонымен қатар, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының айтуынша, екі ел азаматтары арасында күрделі қақтығыстар жиі орын алған Торт-Кочо арқылы өтетін жол бейтарап деп жарияланды.
Жоғарыда аталған келісімдер Тәжікстан Парламентінде де қаралуы тиіс.
Айта кетейік, 21 ақпан күні Бішкекте өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша, Қырғызстан мен Тәжікстан делегациялары шекараны делимитациялау жөніндегі қорытынды құжатқа қол қойды.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасының ұзындығы 970 шақырымды құрайды. Екі ел арасындағы шекара сызығының толық бекітілмеуі салдарынан шекара маңында жиі жанжалдар мен қақтығыстар орын алып отырған.


















