Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 18-19 шілдеде Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қырғызстан Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлімдеді.
Мұратбек Әзімбақиевтің айтуы бойынша, сапар барысында Садыр Жапаров Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен екіжақты келіссөз жүргізеді. Тараптар өзара мүдделердің барлық бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, қарым-қатынастың даму перспективаларын талқылайды.
Тақырыпқа орай:
Сонымен қатар келіссөздер барысында өзара сауда көлемін ұлғайту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту және мәдени-гуманитарлық алмасуды белсендіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар барысында Садыр Жапаров Қырғызстанның Өзбекстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ, бірқатар бірлескен жобаларды іске қосып, екіжақты құжаттарға қол қойылады.
Айта кетейік, Қырғызстанның Өзбекстандағы мәдениет күндері 18-22 шілде аралығында өтеді. Оған Қырғызстаннан 200-ден астам өнер қайраткері қатысады.










