Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лин Цзянь Иранның ішкі істеріне араласудан аулақ болу қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лин Цзянь Бейжіңнің одақ құрудың орнына елдермен серіктестік орнатуға ұмтылатынын айтты.
Лин Цзянь дүйсенбі күні «Америка Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасады, Қытайдың өзінің әлемдік одақтастарына күштірек қауіпсіздік кепілдіктерін беру бойынша шаралары бар ма?» деген сұраққа жауап беріп, Қытайдың сыртқы саясаты одақ құрудың орнына серіктестік орнатуды көздейтінін айтты.
Ол Қытайдың Иран үкіметі мен халқы қиындықтарды жеңіп, ұлттық тұрақтылықты сақтауына үміттенетінін мәлімдеді.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Бейжіңнің Иранның ішкі істеріне араласуға әрқашан қарсы болғанын, барлық тарапты Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілету үшін сындарлы шара қабылдауға шақырғанын баса айтты.
Лин Цзянь сөзін жалғастырып: «Біз халықаралық қауымдастықпен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын табанды түрде қолдау, халықаралық моральдық принциптерді ұстану және халықаралық әділеттілік пен теңдікті сақтау үшін ынтымақтасамыз»,- деді.
















