Қытайдың оңтүстік-батысында орын алған су тасқыны салдарынан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Еуразия Тудейдің Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, толассыз жауған жауын-шашын мен өзендердің жоғарғы ағысынан келген су көлемінің артуы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының екі уезінде су тасқынының орын алуына әкелді. Оқиға жергілікті тұрғындарды жаппай эвакуациялауға мәжбүр етті.
Кеше, сейсенбі күні сағат 14:30-дағы жағдай бойынша Жунцзян және Цунцзян уездерінде сәйкесінше 48 900 және 32 мың адам уақытша эвакуацияланды.
Жүзден астам ауылдық және қалалық командаларды біріктіріп, елдің жер-жерінен жанкүйерлерді тартатын “Цуньчао” деп аталатын ауылдық футбол лигасымен танымал Жунцзян уезінде дүйсенбі күні сағат 20:00-ден бері нөсер жауын жауған. Сейсенбі күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Дулюцзян өзеніндегі су деңгейі 6,68 метрге жеткен.
Цуньчао лигасының матчтары өтетін футбол алаңын су басқан.
Өрт сөндірушілер мен еріктілерден құралған құтқару тобы екі уезде де қайықтар мен арнайы жабдықтарды пайдаланып, тұрғындарды эвакуациялады.



















