Рабия Балхидің 1050 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлар тізіміне енгізілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 2025 жылдың қараша айында ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясында Рабия Балхидің 1050 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2026-2027 жылдарға арналған мерейтойлар тізіміне енгізілді.
Айта кетейік, танымал тәжік-парсы ақыны Рабия Балхи — X ғасырда Саманилер дәуірінде өмір сүрген Рудакидің замандасы6 парсы әдебиеті тарихындағы ислам кезеңінің алғашқы әйел ақыны. Рабия араб және парсы тілдерінде жазған ақын.
Рудаки, Аттар, Жәми, Реза Кули Хан Һедаят және басқа ақындар оны өздерімен тең санады.












