Түркіменстан мен Иран өкілдері Алтын Асыр-Баджгиран шекара өткелінде сауда аймағын құру мәселесін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Гүлістан провинциясында Түрікменстан мен Иран арасындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) аясында бірлескен сауда аймағын құру бойынша екінші жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға ЭЫҰ өкілдері, сондай-ақ екі елдің сауда, шекара және кеден мекемелерінің басшылары қатысты. Кездесуде Алтын Асыр-Баджгиран шекара өткелінде сауда аймағын құру мәселесі талқыланды.
Тараптар жаңадан құрылған сауда аймағында виза және кеден рәсімдерін жеңілдету, сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі және жобаға үшінші тарап инвестицияларын тарту мүмкіндігі мәселелерін талқылады.
Иран тарапы сауда аймағының құрылысымен қатар кедендік операцияларды пандемияға дейінгі деңгейге толық қалпына келтіру ниетін білдірді.












