Иран Президенті Раиси ертең, наурыздың бірі күні он төрт жылдық үзілістен кейін елінің жоғары дәрежелі экономикалық және саяси делегациясын бастап, Алжирға барады.
Раисидің Алжирға сапары осы ел Президенті Абдел Маджид Табунның ресми шақыруымен жүзеге асады.
Сейед Ибрахим Раиси сапарының мақсаты мұсылман және көрші елдермен қарым-қатынасты кеңейту деп жарияланды.
Иран Президентінің Алжирға ресми сапары Иран Ислам Республикасының 2009 жылғы 10-шы үкімет басшысының сапарынан кейін шамамен 14 жыл үзіліспен жүзеге асырылып жатқан төртінші сапар саналады.
Сапардың бірінші күні Раиси «Газ экспорттаушы елдер ассамблеясының» жетінші отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Отырыс аясында ол басқа елдердің қатысушы жетекшілері және лауазымды тұлғаларымен кездеседі.
Жексенбі күні Иран президентін Алжир президенті Абдел Маджид Табун мырза ресми түрде қарсы алады.
Раиси сапарының екінші күніне алжирлік әріптесімен кездесіп, сұхбаттасу, екі елдің жоғары деңгейдегі делегацияларының бірлескен отырысын өткізу және бірнеше бірлескен ынтымақтастық құжатына қол қою жоспарланған.
Айта кетейік, Газ экспорттаушы елдер ассамблеясына мүше елдер басшыларының отырысы екі жылда бір рет өтеді.
Газ экспорттаушы елдер ассамблеясы 2008 жылы 23 желтоқсанда құрылды. Оны құру идеясын Иран Ислам Республикасы ұсынды.
Газ экспорттаушы елдер ассамблеясының 7-ші отырысының ақпараттық базасында берілген ақпаратқа сәйкес, ассамблеяның мүшелері дүниежүзіндегі газ өндірісінің 39 пайызын, дүниежүзіндегі газ қорының 69 пайызын, табиғи газ саудасының 40 пайызына ие.
Алжир, Боливия, Египет, Экваторлық Гвинея, Иран, Ливия, Нигерия, Катар, Ресей, Тринидад және Тобаго, Біріккен Араб Әмірліктері және Венесуэла – Газ экспорттаушы елдер ассамблеясының негізгі мүшелері.
Ангола, Әзірбайжан, Ирак, Малайзия, Мавритания, Мозамбик және Перу бақылаушы мүшелер болып табылады.
Алжир – Солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізі мен Сахара шөлінің арасында орналасқан, аумағы тұрғысынан Африканың ең ірі мемлекеті; мұнай экспорттаушы аграрлық-индустриалды дамымаған ел. Ел экономикасының негізін газ және мұнай құрайды. Олар жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын, кірістің 60 пайызын береді.
Алжир газ қоры бойынша әлемде 8-ші, газ экспорты бойынша әлемде 4-ші, мұнай қоры бойынша әлемде 15-ші, экспорты бойынша 11-ші орында тұр.
2023 жылы шілденің 9 күні Алжир Сыртқы істер министрі Ахмад Атаф Иран Сыртқы істер министрінің шақыруына жауап ретінде Теһранға келді.
Сол кезде оны Иран Ислам Республикасының Президенті Ибраһим Раиси қабылдады. Раиси кездесуде Иран мен Алжирдің қарым-қатынасын дос, бауырлас және мұсылман екі елдің байланысы деп сипаттап, оны екі жақтың әртүрлі, соның ішінде екіжақты сауда-экономикалық саладағы аймақтық және халықаралық жақын және үйлестірілген ұстанымдары негізінде кеңейтуге болатынын айтты.
Екі ел жаһандық мәселелер, әсіресе Палестина сияқты ислам әлемінің мәселелері бойынша ортақ көзқарасқа ие.
Раиси осы кездесуде: «Егер барлық мұсылман елдері де Палестинаны қолдауымен Иран мен Алжир сияқты ұқсас ұстанымдарын ұстанатын болса, онда бүгінде бұл халықтардың азабы көп болмас еді және империялық жүйе аймақ пен әлемде басқа елдерге үстемдік етпес еді» деді.
Алжир СІМ-нің Теһранға сапарында тараптар бірінші жоспарда саяси визаны, екіншісінде туристік визаны жоюға келісті.
Алжир – Иранмен ынтымақтасуға мүдделі араб елдерінің бірі.
Иран төңкерісі шаһты құлатып, монархияны демократиялық республикаға ауыстырған кезде, Алжир 1981 жылдан азамат соғысына дейін АҚШ-тағы ирандық өкіл ретінде қызмет етті.
Теһранда Алжир елшілігі, Алжирде Иран елшілігі бар.
Бүгінде Алжир мен Иран арасындағы экономикалық қарым-қатынас оң бағытта дамып, екі ел арасындағы байланыстың тереңдей түсуіне негіз болып отыр.












