Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Ауғанстандағы Күш-Тепа бөгетінің құрылысы Орталық Азияны алаңдатуда

  • Орталық Азия, Сарапшы пікірі, ТОП жаңалықтар
  • 29 февраля, 2024 16:38

Loading

Ауғанстан Әмударияны бөгейтін ірі Күш-Тепа бөгетін салып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның сумен қамтамасыз етілуі 80 пайыздан 65 пайызға дейін төмендейді.

«Sputnik Қазақстан» агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл жөнінде Өзбекстандағы Әлемдік экономика және дипломатия университеті жанындағы дипломатиялық академия директоры Абдусамат Хайдаров пікірімен бөлісті.

Сарапшының пікірінше, Күш-Тепа бөгетінің салынуы Орталық Азия елдері үшін, ең алдымен Өзбекстан мен Түркіменстан үшін елеулі салдары болуы мүмкін.

Тақырыпқа орай:

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026

Мамандардың бағалауы бойынша, Күш-Тепа бөгеті жылына 4-4,5 текше шақырым көлемінде су алып, Әмудария өзеніндегі судың жалпы көлемін 12-13 пайызға қысқартады.

Сарапшы «Бөгет құрылысы аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның орта және төменгі ағысындағы сумен орташа қамтамасыз етілуі 80 пайыздан 65 пайызға дейін төмендейді» деген болжам жасады.

Абдусамат Хайдаровтың пікірі бойынша, ұзақ мерзімді перспективада су қоры сарқылуы мүмкін. Бұл өңірдегі халық санының өсуі мен ұлттық экономикалардың дамуымен бірге Орталық Азия елдері үшін елеулі сын-қатер тудыруы ықтимал.

Сарапшы бұл мәселеге қатысты Өзбекстан Ауғанстанның уақытша Үкіметімен және халықаралық қоғамдастықпен халықаралық нормалар мен аймақтың барлық елінің мүдделерін ескеру негізінде жаңа бөгет салу бойынша диалог бастау қажеттігін мәлімдегенін айтты.

Сондықтан Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның зерттеу институттарын тарта отырып, бөгет құрылысының барлық аспектісін және оның Әмудария өзенінің су режиміне әсерін зерделеу бойынша бірлескен жұмыс тобын құру керектігі айтылды.

«Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығының бас сарапшысы Руслан Қазкеновтың пікірінше, бөгет құрылысының артында бірінші кезекте саяси аспект тұр. Сарапшы Күш-Тепа бөгетін салу арқылы Талибан Үкіметі халықаралық қауымдастықтың мойындауын қалайтынын айтады.

Сарапшы «Бөгет құрылысы қазірдің өзінде 600 миллион долларды құрайды, бірақ бұл тек бастамасы ғана, өйткені бұл жерге тағы бірнеше жүз миллион доллар инвестиция қажет болады. Бұдан «Олар не үшін бөгетті салып жатыр?» деген сұрақ туындайды. Мен бөгетті Орталық Азия елдерін, сайып келгенде, халықаралық қоғамдастықты оларды тану жөніндегі өңірлік және халықаралық шарттарға тарту мақсатында пайдаланғысы келеді деп ойлаймын», — дейді.

Руслан Қазкенов өңір елдері бірігіп, Ауғанстанмен диалог орнату қажет деп санайды. Себебі бөгет құрылысының салдары барлығына, соның ішінде Қазақстанға да әсер етеді. Арал теңізі де зардап шегеді.

Диалог орнату жөнінде Абдусамат Хайдаров «Ауған тарапының қаншалықты дайын екенін айту қиын, бірақ Ауғанстан да бұл мәселені шешуге мүдделі» деп санайды.

Жалпы, тәліптер басқаратын Ауғанстандағы Күш-Тепа бөгетінің салдары Орталық Азия елдеріне, әсіресе Түркіменстан мен Өзбекстанға да әсер етері анық. Онсыз да Орталық Азияда су басты мәселеге айналып отырған кезде Күш-Тепа бөгеті құрылысының аяқталуына мамандар алаңдап отыр.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АуғанстанКүш-ТепаҚазақстанОрталық АзияӨзбекстанТүркіменстан
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026
Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

16.11.2026
ЮНЕСКО: Ауғанстанда әйел мамандар қалмауы мүмкін

ЮНЕСКО: Ауғанстанда әйел мамандар қалмауы мүмкін

13.11.2026
Қазақстан мен Иранның Һормозган провинциясы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады

Қазақстан мен Иранның Һормозган провинциясы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады

13.11.2026
Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

28.10.2026
Қазақстан делегациясы Түркияның аграрлық саланы цифрландыру тәжірибесін зерделеді

Қазақстан делегациясы Түркияның аграрлық саланы цифрландыру тәжірибесін зерделеді

28.10.2026
Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті өтеді

Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммиті өтеді

27.10.2026
АҚШ-тың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы Ресей мен Қытайдан әлдеқайда төмен

АҚШ-тың Орталық Азиядағы экономикалық ықпалы Ресей мен Қытайдан әлдеқайда төмен

21.10.2026
БҰҰ: Ауғанстанда қыс мезгілінде аштық дағдарысы ушығады

БҰҰ: Ауғанстанда қыс мезгілінде аштық дағдарысы ушығады

21.10.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Дубайда Қазақстанның Сауда үйі ашылды

Дубайда Қазақстанның Сауда үйі ашылды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.