Иран Президенті Ибраһим Раиси елінің жоғары деңгейлі саяси және экономикалық делегациясын басқарып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ресми шақыруымен Теһраннан Душанбеге жол тартты.
Раиси бүгін, қарашаның 8 күні жергілікті уақыт бойынша түстен кейін Тәжікстан астанасы Душанбеге келеді. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен жеке кездесіп, бірлескен келіссөздерден кейін екі елдің ресми тұлғалары президенттердің қатысуымен Иран мен Тәжікстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық құжаттарына қол қояды.
Баспасөз мәслихатына және президенттердің Тәжікстан мен Иранның экономикалық белсенділері мен кәсіпкерлерінің бірлескен отырысына қатысуы Иран президентінің Тәжікстанға бір күндік ресми сапарының басқа жоспарларының қатарында болмақ.
Бұл сапарда Раисимен бірге елдің Сыртқы істер, Энергетика, Мәдениет және Исламдық бағдар министрлері бірге келеді.












