Eurasiatoday
Понедельник, 30 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Израиль -Палестина қақтығысының экономикалық тәуекелі тым жоғары-сарапшы

  • Сарапшы пікірі
  • 8 ноября, 2023 16:38

Loading

GnS Economics бас экономисті, Хельсинки университетіндегі экономика доценті Туомас Малиненнің айтуынша, Газа секторындағы ушыққан ахуал тудыратын тәуекел тым жоғары болмақ. Бұл ретте маман бірнеше қауіпті тізбелеп өтеді.
Сонымен Израиль – Палестина қақтығысының экономикалық тәуекелі қандай болмақ?

Қауіпті салдарлар:
-Қақтығыс ауқымы кеңейіп, тікелей АҚШ-тың қатысуымен өңірлік соғысқа ұласады;
-ОПЕК мұнай эмбаргосымен жауап қатады;
-Иран Ормуз бұғазын жауып тастайды;
-Мұнай бағасы барреліне 300 долларға жетеді;
-Сұйытылған табиғи газдың тапшылығынан Еуропа толықтай энергетикалық дағдарысқа ұшырайды;
-Энергия тасымалдаушылар бағасының жаппай көтерілуі инфляцияны үдетіп, Орталық банктер бұған амалсыз назар аудара бастайды;
-Қаржы нарықтары және әлемдік банк секторы құлдырайды;
-Қарыз кризисі АҚШ-қа да жетеді, бұл өз кезегінде ФРЖ-ны қаржы нарығына тағы бір мәрте көмек беруге мәжбүрлейді;
-Мұнай долларымен жасалатын сауда-саттық әлсірейді;
-Гиперинфляция күш алады.

Мұны сарапшылардың тектен текке жорамалдап отырмағаны белгілі.
Қазір күні жасалып жатқан әрбір қадамның артында өткен тарихтың елесі тұрады. 1973 жылы Израиль Мысыр мен Сирия бастаған араб мемлекеттері коалициясымен соғысып, мұның соңы ОПЕК-тің Израильді қолдап-қуаттап тұрған батыс елдеріне мұнай эмбаргосымен жариялауымен аяқталған еді. Эмбаргоға ұшыраған елдер ішінде АҚШ та болды. Соның нәтижесінде небәрі алты ай уақыттың ішінде «қара алтын» құны 300 пайызға өсіп шыға келді.

Тақырыпқа орай:

АҚШ-тың жаңа баж салығы бүкіл Еуропаға бағытталған соққы

АҚШ-тың жаңа баж салығы бүкіл Еуропаға бағытталған соққы

04.05.2026

Екінші маңызды тармақ – Ормуз бұғазының жабылып қалу қаупі. Әлемдік мұнай нарығында Ормуздің бәсі жоғары. Ол арқылы бүкіл әлемде тұтынылатын мұнайдың алтын бір бөлігі (1/6) және бүкіл сұйытылған табиғи газдың (СТГ) үштен бірі (1/3) өтеді. Бұғазға кіретін сегіз аралдың жетеуін Иран тікелей бақылайды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Иранның сыртқы істер министрі «Израиль әскери қимылын доғармаса, онда бүкіл өңір бақылаудан шығып кетеді» деген қауырт мәлімдеме жасады. Ал егер Израиль бұған құлақ аспаса (құлақ аса қоюы тіпті де екіталай) онда Иран өзінің Ливан, Сирия және Ирактағы жалдамалы экстремистік ұйымдарын соғысқа араластыруы ықтимал. Соның өзінде Иран тарапына санкция салынуы мүмкін. Бұған жауап шара ретінде Иранның ең бірінші кезекте қолдануы мүмкін әрекеті – Ормуз бұғазын жауып тастау.

Күн сайын бұғаз арқылы бүкіл әлемде тұтынылатын мұнайдың алтыдан бір бөлігі өтеді. 2023 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін тәулігіне орта есеппен 20,5 млн баррель мұнай және мұнай өнімдері тасымалданған екен. ОПЕК мүшелері – Сауд Арабиясы, Иран, БАӘ, Кувейт және Ирак бұғаз көмегімен шикі мұнайдың басым бөлігін экспортқа шығарып отыр.

Әлемдегі сұйытылған табиғи газдың аса ірі экспорттаушысы саналатын Катар өзінен шығатын газдың толық көлемін осы Ормуз арқылы сыртқа сатады.

Vortexa аналитиктерінің айтуынша, бұғаз арқылы жыл сайын шамамен 80 миллион метрикалық тонна немесе әлемдік СТГ ағынының 20 пайызы өтеді.

Осы жағдайлардың фонында Иран тарапы Израильге қарсы мұнай эмбаргосын жариялайық және санкциялар салайық деп мұсылман мемлекеттеріне үндеу тастады. Алайда ОПЕК мұндай сценарийді жоққа шығарды.

BBC News-тің энергетикалық аналитигі Саул Кавониктің айтуынша, қақтығыстың қазіргіден де ауқымдырақ сипат алып кету перспективасына байланысты мұнай бағасы өсім көрсетті. Ахуалдың нашарлауы Иран, Сауд Арабиясы секілді ірі мұнай өндіруші елдерге салқынын тигізуі әбден мүмкін дейді ол.

HSBC банкінің өкілі Джеймс Чео болса жағдайдың әрі қарай қалай өрбуіне қатысты белгісіздік АҚШ-тың қазынашылық облигацияларына және дағдарыс кезінде инвесторлар дәстүрлі түрде сатып алған долларға инвестицияларды ынталандыруы мүмкін.

«Бұл кезеңде инвесторлар тарапынан біршама мазасыздық туындайды. Олар экономикалық деректер мен геосаяси белгісіздікке байланысты оқиғаларға қатысты біршама айқындықты көргісі келеді», -дейді Чео.

BCA Research компаниясының геосаяси стратегі Мэтт Герткеннің айтуынша, АҚШ Иранмен толыққанды конфронтацияға түсуді қаламайды. Құрама штаттар да, Иран да мұнай ағынын тоқтатып тастауға құлықты емес. Егер соғыс тоқтамаған және ауқымы кеңейе түскен жағдайда, онда алдағы 12-18 ай бедерінде мұнай бағасы күрт қымбаттауы ықтимал.

«Бұл ретте себепкер жалғыз Газа мәселесі емес. Украинаға басып кірген Ресейде әлі батыс санкцияларында жатыр. Олар да өз кезегінде мұнай өндірісін қысқартуы мүмкін. Олай болған жағдайда жеткізу тізбегіндегі шектеулер шикізат бағасының өсуіне алып келеді», дейді маман.

Сарапшылардың пайымдауынша, егер соғыс өрті басқа территорияларды шарпымайтын болса, онда Brent маркалы мұнай бағасы 3-4 доллардан артық қымбаттамайды. Ал егер Иран соғысқа араласатын болса, онда өзінің жылдық 700 мың баррель мұнайына қолжетімділікті жабады, сол кезде баға 10 долларға дейін өсуі мүмкін.

Ең қауіпті сценарий, яғни соғысқа АҚШ-тың араласуы. Bloomberg economics есептеуінше, бұл сценарийдің жүзеге асуы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 1 трлн долларға дейін қысқаруына әкеліп соғады. Ал бұл өз кезегінде әлемдік рецессияға ұрындыруы ықтимал. Сәйкесінше ондайда мұнай бағасы барреліне 150 доллар межесіне жетеді.

Дүниежүзілік банктің бас экономисті Индермит Гиллдің болжамынша, Таяу Шығыстағы қақтығыс шикізат нарығы үшін ең үлкен шок (1970 жылдан кейінгі тіркеліп отырған) болып отыр. Оның сөзінше, бұл жаһандық экономикаға жойқын әсер етті, сондықтан ендігі ретте саясаткерлер мейлінше мұқият болуы керек. Егер қақтығыс ауқымы басқа аумақтарға ауысатын болса, әлем экономикасы соңғы он жылдықта алғаш рет күрделі энергетикалық соққыға ұшырауы әбден мүмкін.

Ал қақтығыстың орасан ауқымды болып жатқанына қарамастан әлі күнге шикізат бағасына керемет әсер ете алмай жатуының себебі неде?

Сарапшылардың айтуынша, әлем экономикасы әртүрлі шоктарға бой үйретіп алды және мұнай бағасының күйзелісін сіңіруге де дағдыланды. Сол себепті, баға өсімі қарқынды болып жатқан жоқ. Қазір әлем елдерінде мұнай экспорттаушылардың әртараптандырылған базасы және жаңартылатын көздерді қоса алғанда, кеңейтілген энергетикалық ресурстар молынан қалыптасқан.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: әлем экономикасыГаза секторымұнай нарығыТуомас Малиненэкономикалық тәуекел
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың жаңа баж салығы бүкіл Еуропаға бағытталған соққы

АҚШ-тың жаңа баж салығы бүкіл Еуропаға бағытталған соққы

04.05.2026
Газа секторында соғыс басталғаннан бері 262 БАҚ қызметкері қаза тапты

Газа секторында соғыс басталғаннан бері 262 БАҚ қызметкері қаза тапты

04.05.2026
Журналистерді қорғау комитеті: 2025 жылы әлемде 129 журналист қаза тапты

Журналистерді қорғау комитеті: 2025 жылы әлемде 129 журналист қаза тапты

26.02.2026
Израиль Рамазан айында Газаның бірнеше ауданына соққы жасады

Израиль Рамазан айында Газаның бірнеше ауданына соққы жасады

20.02.2026
Тоқаев: Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге қаржы бөлуге дайын

Тоқаев: Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге қаржы бөлуге дайын

20.02.2026
Газада Израиль шабуылдарынан он адам қаза тапты

Газада Израиль шабуылдарынан он адам қаза тапты

16.02.2026
Газа секторында Түркияның қолдауымен мектеп ашылды

Газа секторында Түркияның қолдауымен мектеп ашылды

05.02.2026
Рафах шекара бекеті екі бағытта да ашылды

Рафах шекара бекеті екі бағытта да ашылды

02.02.2026
Венесуэла мен Ирандағы ахуал мұнай нарығындағы тұрақсыздықты күшейтті

Венесуэла мен Ирандағы ахуал мұнай нарығындағы тұрақсыздықты күшейтті

23.01.2026

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Еуро-2024: Словенияның Қазақстанмен ойнайтын құрамы анықталды

Еуро-2024: Словенияның Қазақстанмен ойнайтын құрамы анықталды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.