Израиль армиясының Газа секторына атысты тоқтату келісімін бұза отырып, жүзеге асырған шабуылдарынан 10 палестиналық қаза тапты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Джебалия ауданына қоныс аударған палестиналықтардың шатырларына әуе шабуылын жасаған.
Сондай-ақ анклавтың оңтүстігіндегі Хан-Юнус қаласында бейбіт тұрғындар жиналған жерге соққы берген.
Куәгерлердің айтуынша, Израиль армиясы Газа қаласының шығыс аудандарын, сондай-ақ анклавтың оңтүстік және орталық бөліктерін артиллериялық атқылауға алған. Мысырмен шекарадағы Рафах қаласының солтүстік аудандарына пулеметтерден оқ жаудырған.
Сонымен қатар, Израиль армиясы Джебалия лагеріндегі палестиналықтардың үйлерін жарылғыш заттардың көмегімен қиратқан.
2023 жылдың қазан айында басталған Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 72 061-ге, жараланған палестиналықтардың жалпы саны 171 715-ке жетті.



















