Америкалық The Atlantic журналы АҚШ президенті бастапқыда маңызды санайтын мәселелер бойынша радикалды мінез-құлық көрсетіп, ақырында шегінеді деп санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл мінез-құлық үлгісі Трамптың ішкі және сыртқы саясатынан айқын көрінеді.
Америкалық The Atlantic журналы өзінің жуырдағы есебінде АҚШ президентінің шешімдерін талдап: “Трамп “күрделі мәселелер” деп атайтын мәселелерде алдымен радикалды қадамдар жасайды, алайда теріс реакцияға тап болған кезде шегінеді”, -деп жазды.
The Atlantic журналы мысал ретінде Миннесота оқиғасын келтіреді. 2026 жылдың басында Трамп Миннесотадағы құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтіп, оны “Ішкі қауіпсіздік департаменті жүргізген ең ірі операция” деп атады. Ол Миннесота штатының біліксіз губернаторы штат мәселелеріне жауапты деп мәлімдеді.
Алайда америкалық агенттер жасаған кісі өлтірулерден кейін Трамп қатты сынға ұшырады. Бастапқыда ол бағдарламасын жалғастыруды талап етті, бірақ біраз уақыттан кейін кері шегінді. “Шекара патшасы” деген атпен белгілі Том Хоман бұрынғы губернатор әлі қызметте болған кезде әкімшілік миссиясының аяқталғанын жариялады.
Atlantic мәліметі бойынша, Трамп дағдарыстарды шешудің орнына оларды өршітіп отыр. Трамп Миннесотаға әскерилердің кіру себебі қылмысты азайту екенін айтты. Бірақ сенатор Эми Клобушардың айтуы бойынша, бір айда орын алған үш кісі өлтірудің екеуін федералды агенттер жасаған.
Трамп өзінің мақсаттарына жетпей, кері шегініп, Миннесота процесінен шыққан кезде: “Біз кетіп жатырмыз, себебі біз онда керемет жұмыс атқардық”, — деп мәлімдеді.
АҚШ президенті сыртқы саясат саласында да осындай мінез-құлық танытты. Ол Украинадағы соғысты қысқа мерзімде аяқтаймын деп мәлімдеп, Зеленскийге қарсы қоқан-лоқы көрсетіп, тіл тигізді. Бірақ қарсылықтардан кейін ол тез арада өз ұстанымын өзгертті.
Трамптың Гренландияны әскери жолмен басып алу туралы қоқан-лоқысы, Еуропа елдерінің ескертулерінен кейін келіссөздер жүргізу туралы ұсынысқа ұласты.
Трамп әртүрлі елге сауда тарифтерін енгізбек болған кезде Қытай мен басқа елдердің қарымта қоқан-лоқыларынан кейін тариф дереу енгізу туралы шешімін қайта қарады.
Financial Times басылымы сол сәтте Трамп болат пен алюминийге салынатын тарифтерді төмендету мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазды.
Трамп Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылда ядролық бағдарламаны жойдым деп мәлімдеді. Ол бұл оқиғада Иранмен тікелей соғыстан қашқақтап, Пентагонның ядролық бағдарлама жойылмағаны туралы есебіне қарамастан, бұл хабарламаны жалған деп атауды шешті. Дегенмен, соңғы күндері ол Иранмен ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, Трамп Иранның Айн әл-Асад базасына жасаған шабуылына дейін егер қандай да бір шара қолданылса, Ирандағы 52 нысанды нысанаға аламын деп қорқытқан болатын. Алайда Иранның шабуылынан кейін ол бұл сес көрсетуінен бас тартты.
АҚШ президенті Global Hawk дронының нысанаға алынғанына жауап ретінде Иранның үш жеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқанын айтты. Алайда соңында Иранға АҚШ әскери ұшақтарын атпағаны үшін алғыс білдірді.
















