Израиль сарбазы TikTok арнасындағы тікелей эфирде өзінің және басқада сарбаздардың палестиналық әйелдер мен балаларға қарсы жасаған қылмыстары туралы мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, әлеуметтік желідегі белсенділер Газадағы әйелдер мен балалардың өлтірілуі туралы ашық айтып, бейбіт тұрғындардың құқықтарының бұзылғанын мақтан тұтқан сарбаздың видеосын таратып жатыр. Бұл кадрлар көпшіліктің наразылығын тудырды.
Жарияланған бейнежазбада сарбаздың америкалық ютубер Джефф Дэвидсонмен тікелей сұхбаты көрсетілген. Әскери киім киген сарбаз Газадағы Израиль армиясында қызмет етіп жатқанын айтып, айналасындағы қирандылардың кадрларын көрсетеді. Сұхбат алушы сарбаздан қираған үйлер туралы сұрағанда ол: “Мұнда бірде-бір үй жоқ. Біз оларды жермен-жексен еттік”, -деп жауап берді.
Сұхбат барысында бейбіт тұрғындардың, әсіресе балалардың жағдайы туралы сөз болды. Сарбаз қару ұстанған баланың суретін көрсетіп, оны үйлердің бірінен тапқанын айтты. Америкалық ютубер балалардың соғыс аймағында болуы оларға оқ атуға негіз емес екенін айтып, Газада болып жатқан оқиғаларды ақтауға болмайтынын баса айтты.
Израиль сарбазы сөзінің жалғасында әйелдер мен балаларды өлтіргенін мойындады. Сонымен қатар ол азаматтық құқықтардың өрескел бұзылғанын мақтан тұтып, оларға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткендерін ашық айтты.
Бұл бейнежазба бейбіт тұрғындардың құқықтарын жаппай бұзды деген айыптаулардың күшеюі жағдайында Израиль сарбаздарының Газа соғысы кезіндегі әрекеттері туралы ашық мойындауларының бір бөлігі болып табылады.
Бұған дейін де сионистік режимнің палестиналықтардың үйлерін қиратқан кездеріндегі қуанған және газалықтардың үйлерін тонаған сәттері мен т.б. қылмыстарын көрсететін көптеген бейнежазба жарияланған болатын.













