Ресей, Америка және Украина арасындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы Абу-Дабиде жабық форматта басталды.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, шараға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы қарастырылмаған.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, Абу-Дабидегі ірі қонақүйлер маңында және президент сарайы жанында жағдай тыныш, қауіпсіздік шараларының күшейтілуі тіркелмеген. Үш елдің делегациялары арасындағы келіссөздер екі күнге созылады деп күтілуде.
Мұның алдында БАӘ Сыртқы істер министрі Абдалла бен Заид Әл Наһайян келіссөздер кезеңінің басталғаны туралы мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының алғашқы кездесуі 23 қаңтарда Абу-Дабиде өтетінін хабарлады.
Ресей делегациясын осы елдің Қарулы күштері Бас штабының басшысы Игорь Костюков, ал Украина тарапын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров басқарады.



















