Ресейдің Теһрандағы елшісі Алексей Дедов кеше, 12 шілде күні Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы ақпарат тілшісі IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран СІМ Ресей Федерациясының елшісін Иранның Абу Муса, Үлкен Тунб және Кіші Тунб аралдарына қатысты ұстанымын түзетуге шақырды.
Бұл аралдарды Лондон 1971 жылы Араб әмірліктері федерациясы тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғанға дейін Теһранға ресми түрде берген. Содан бері БАӘ мен Иран аралдардың кімге тиесілі екендігі туралы дауласып келеді.
Иран СІМ өкілдері елдің аумақтық тұтастығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Канани бұл аралдар «Иранға мәңгілікке тиесілі» деп мәлімдеді.
Кеше, сәрсенбі күні Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Ресейдің Теһрандағы елшісі Алексей Дедовқа ИИР-ның аталған мәлімдеменің мазмұнына қарсылығы жеткізілді. Ресейдің Теһрандағы елшісіне Абу Муса, Үлкен Тунб және Кіші Тунб аралдарының Иранға мәңгілік тиесілігі баса айтылып, Ресейден осы мәселедегі ұстанымын түзетуді сұрады.
Ресейдің Теһрандағы елшісі ИИР-ның аумақтық тұтастығын құрметтеуді қуаттап, жағдайды тез арада Мәскеуге жеткізетінін айтты.




















