Ресей мен Иран Тегеран қаласында сауда-экономикалық келісімдерге қол қояды деп жоспарланып отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей мен Иран 16-18 ақпан аралығында Тегеранда өтетін Ресей-Иран үкіметаралық комиссиясының отырысында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
Ресей Энергетика министрлігі дүйсенбі күні Ресей Энергетика министрі Сергей Цивилев пен Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалалидің жуырда өткен кездесуінің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасап, екі елдің Тегеранда өтетін Ресей–Иран үкіметаралық комиссиясының отырысында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімге қол қоюға ниетті екенін айтты.
Сергей Цивилев: “Алдағы үкіметаралық комиссия аясында біз мемлекеттеріміздің басшылары қол қойған жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы шартты іске асыруға ықпал ететін қол қойылған құжаттар мен келісілген шешімдер түріндегі нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отырмыз”, -деді.
Ресей Энергетика министрлігінің мәліметінше, кездесуде мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің энергетика, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ ғылым мен технология салаларындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша баяндамалар жасаған.
















