Иран СІМ орынбасары Маджид Тахт-Раванчи Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковпен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз барысын талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Мәскеудегі Иран елшілігі мәлімдеді.
Елшілік Telegram-арнасындағы хабарламада: “Маджид Тахт-Раванчи мен Сергей Рябков кездесу барысында Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз үдерісіне қатысты жағдайды талқылады”, — деп жазды.
Сонымен қатар, тараптар қайшылықтарды жою және Иранға қарсы санкцияларды алып тастау үшін қажет бірлескен негізді әзірлеу мақсатында кеңесулерді жалғастыруға уағдаласты.
Иран наурыз айының соңында Ұлыбритания, Германия және Франциямен ядролық бағдарламасы және санкцияларды алып тастау жөнінде келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, Бейжіңде Ресей мен Қытайдың қатысуымен ядролық бағдарлама мәселесі бойынша кездесу өткен болатын.
Иран СІМ орынбасары Маджид Тахт-Раванчидің Ресейге сапары Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты кеңесулер аясында өтті.
Айта кетейік, “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасының мерзімі биыл 18 қазанда аяқталады.
















