Василий Небензя Ресейдің Вашингтонның Тегеранға қатысты даналық танытатынына үміттенетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Вашингтон Тегеранға қатысты даналық танытады деген үміт білдіріп, әскери шешімдерге жол берілмейтінін, олардың қауіпті екенін баса айтты.
Василий Небензя: “Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары даналық танытып, неғұрлым сындарлы ұстанымда болады деп үміттенеміз. Қауіпті және аймақтық ауқымдағы салдарға әкелуі мүмкін кез келген әскери шешімдерге жол берілмейді”,-деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Иранға қатысты, соның ішінде ядролық бағдарлама мәселесі бойынша туындаған қайшылықтарды реттеудің бірден-бір жолы халықаралық құқықты сақтай отырып, тең құқықтылық пен өзара құрметке негізделген саяси-дипломатиялық жолмен шешу екенін атап айтты.
Небензя: “Барлық тарапты дәл осындай ұстаным ұстануға шақырамыз және диалогқа жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз”, -деді.


















