Ресейдің бас мүфтиі шейх Равиль Гайнутдин «Хезболла» қозғалысының жетекшісі Хасан Насралланың қаза табуына болуына байланысты көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ресей Федерациясы мұсылмандарының Діни Басқармасы мен мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти шейх Равиль Гайнутдиннің көңіл айту хатында: «Ресей Федерациясы мұсылмандарының Діни Басқармасы және дін қызметкерлері атынан Бейрутте «Хезболла» ислам қозғалысының жетекшісі Хасан Насралланың қайтыс болуына байланысты Ливан халқына көңіл айтамын», — деп жазылған.
Бұл жолдауда Ресейдің бас мүфтиі Алла Тағаладан шәһид Насраллаға илаһи жоғары дәреже беруді тіледі.
Равиль Гайнутдин хаттың жалғасында: «Соңғы күндері Израиль әуе шабуылдарының құрбаны болған жүздеген ливандықты аза тұтамыз. Мейірімді Құдай агрессия құрбаны болған бауырларымыздың рухына рақым етіп, оларға мәңгілік сауап берсін», — деп жазды.
Қыркүйектің 28 күні Ливанның Хезболла қозғалысы мәлімдеме жариялап, осы ұйымның Бас хатшысы Хасан Насралланың өлімін растады.













