Google 2023 жылы ең жиі ізделген ақпараттар тізімін жариялады.
«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Google тарихындағы ең көп ізделген спортшы атанды.
Google бұл жөніндегі ақпаратты 17 желтоқсанда YouTube арнасында жариялады.
Роналду Google компаниясының 25 жылдық тарихында ең көп ізделген спортшы атанғаны туралы жаңалыққа өз ойы мен ризашылығын білдірді.
ХХI ғасырдағы ала доп фанаттарының сүйікті футболшысы – Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтар айынан бері ойнап келеді.
Оның Сауд Арабиясы клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.
Биыл 38 жастағы шабуылшы клуб және Португалия ұлттық құрамасы сапында барлық жарыста 50 гол соқты.
Сондай-ақ, әлемдегі пайдаланушылар 2023 жылы Google-дан «Барби» және «Оппенгеймер» фильмдерінен бастап, Газа секторындағы әскери қақтығысқа дейін мәліметтер іздеген.












