Қырғызстанда зейнет жасын көтеру жоспарда жоқ.
Бұл туралы Қырғызстан Парламенті комитетінің отырысында Әлеуметтік қор басшысы Бақтияр Әлиев мәлімдеді.
«Кабар» ақпарат агенттігінің Бақтияр Әлиевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, зейнеткерлікке шығу жасы әйелдер үшін 58 жас, ал ер адамдар үшін 63 жас болып қалды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы 15 жылда орташа өмір сүру ұзақтығы 4 жылға ұзарды. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда да артқан.
Соңғы 20 жылда Қырғызстанда 80 жастан асқан 2 мыңнан астам адам өмір сүрсе, қазір бұл елде 58 мыңнан астам адам бар.
Бақтияр Әлиев орташа өмір сүру ұзақтығының артып келе жатқанын, бұл Әлеуметтік қордың зейнетақыны ұзақ мерзім төлейтінін білдіретінін айтты.



















