Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 18 наурыз күні “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойып, атом саласын одан әрі дамыту және ядролық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құруға Қаулы етті.
Айта кетейік, Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылғы 4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалған болатын.
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы 1970 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
















