Америка Құрама Штаттары Таяу Шығыста бейбітшілік пен соғыстың бірін таңдауы тиіс.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде мәлімдеді.
Саид Хатибзаде Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарына тоқталып: «Сіздер бейбітшілікті пен соғысты бір уақытта ұстап тұра алмайсыздар. Бұлар бір-бірін жоққа шығаратын ұғымдар. Бұл өте айқын нәрсе.
Атысты тоқтатуды сұрап, жоспар шарттарын қабылдап, кейін шабуылды жалғастыруға болмайды»,-деді.
Сондай-ақ, Хатибзаде бұған қатысты жолдау кеше кешке Вашингтонға жіберілгенін баса айтты.
Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі жақты атысты екі аптаға тоқтату туралы жариялады. Оның айтуынша, Вашингтон алдағы келіссөздер үшін Тегеранның 10 тармақтан тұратын ұсынысын келіссөздің негізі ретінде қарастыруда.
Тегеран егер Ислам Республикасына шабуыл жасалмаса, қорғаныс мақсатындағы шабуылдарды тоқтатуға келісті. Пәкістан Премьер-министрі Шаһбаз Шариф тараптарды 10 сәуір күні келіссөз жүргізуге шақырды.


















