Халықаралық көрмелер бюросына мүше мемлекеттердің таңдауы бойынша дүниежүзілік EXPO-2030 көрмесі Сауд Арабиясында өтеді.
BIE бюросы баспасөз қызметінің мәліметінше, дайындықты бастап кеткен Сауд Арабиясы EXPO-2030 іс-шарасына арналған арнайы визаны іске қосуды жоспарлап отыр.
EXPO-2030 көрмесіне арналған арнайы виза жүзеге асатын болса дүниежүзілік көрмеге баратын туристердің жолы айтарлықтай жеңілдейді.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясы EXPO-2030 көрмесіне дайындық ретінде Эр-Риядты көрме алаңына айналдыру үшін құны 8 миллиард долларға жуық қаражат бөлетінін мәлімдеді.
Көрме өткізуге қаланың 6,6 шаршы бөлігі беріледі.
Ел Үкіметінің жоспарлауынша, 2030 жылы Эр-Риядтағы дүниежүзілік көрмеге алты ай ішінде шамамен 40 миллион қонақ келеді деп күтілуде.
Сауд Арабиясы дүниежүзілік көрмемен қатар, 2029 жылы Азия қысқы ойындарын өткізуге де дайындық жүргізіп жатыр.
EXPO-2030 көрмесі Эр-Риядта 2030 жылдың 1 қазанынан 2031 жылдың 31 наурызына дейін өтеді.
Еске сала кетсек, дүниежүзілік EXPO-2020 көрмесі Дубайда өткен болатын. Ал, EXPO-2025 көрмесі 2025 жылы сәуірдің 13 мен қазанның 13 аралығында Осака қаласында өтеді.



















