Сауд Арабиясы мен Кувейт мемлекетінің 32 туроператоры үшін Қырғызстанға отбасылық саяхат туры ұйымдастырылды.
КР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша отбасылық сапар Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2019-2023 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Бұл шараға Сауд Арабиясының Эр-Рияд, Даммам және Жидда сияқты ірі қалаларынан, сондай-ақ Кувейт мемлекетіндегі Кувейт қаласынан 8 туристік компания шақырылды.
Үш күнге созылған шара барысында бірқатар G2B және B2B кездесулері ұйымдастырылды. Сауд Арабиясы мен Кувейт компанияларының өкілдері Қырғыз Республикасының туристік өнімдерімен, Бішкектегі қонақүйлермен және танымал туристік орындармен танысты.
Отбасылық сапардың басты мақсаты Қырғыз Республикасының туризм индустриясын қолдау мақсатында Сауд Арабиясы, Кувейт және Парсы шығанағы елдерінен туристер ағынын арттыру болды.
Аталған саяхат туры Қырғыз Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігі Қырғыз Республикасының Экономикалық комиссиясы жанындағы Туризм департаментімен, Туризмді дамытуды қолдау қорымен және Қырғызстан туроператорлар қауымдастығымен бірлесіп, сондай-ақ Кувейттік Jazeera әуе компаниясы мен Сауд Арабиясының Ratehawk туристік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.



















