Сербия Президенті Александр Вучич Моссад пен ОББ Иранның ішкі ісіне араласып жатқанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Александр Вучич Израильдің барлау қызметі Мосса) пен АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Ирандағы наразылықтарға араласып, 1953 жылғы Батыстың Ирандағы операциясының (28-ші мордад төңкерісі) сценарийін қайталауға тырысып жатқанын айтты.
Вучич: «Мен халықты «Аякс операциясы» және «Шаһтың бүкіл жасағы» (All the Shah’s Men) кітаптарын оқуға шақырамын. Бұл операция 1953 жылы, Иранның соңғы шаһы Мұхаммед Реза Паһлави билікке келген тұста орын алған болатын. Бүгін қараңызшы, Моссад пен ОББ арада 73 жыл өтсе де дәл сол формуланы қолданып, қалай операция жүргізіп жатыр», — деді.












