Иранға қарсы АҚШ мен Израиль ашқан соғыстың алғашқы күні қайтыс болған имам Әли Хаменеиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне қатысушылар саны 35 миллионға дейін жетуі мүмкін.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша шәһид имамның денесімен қоштасу рәсімі 4-5 шілдеде Тегерандағы Мосалла мешітінде, жерлеу рәсімі 6 шілдеде Қом қаласында өтеді.
Ал 7 шілдеде мәйіт Иракқа жеткізіліп, соңғы жерлеу рәсімі 8 шілдеді қасиетті Мешхед қаласында ұйымдастырылады.
Есептеу бойынша, бұл шараларға ел халқының 30-дан 35 пайызға дейінгі бөлігі қатысады.
Тегеранда 6-дан 17 миллионға дейін, Қомда 3-тен 5 миллионға дейін, ал Мешхедте 3,5-тен 8 миллионға дейін адам жиналады деп күтілуде. Жалпы алғанда, ел аумағында қатысушылар саны 35 миллионға дейін жетуі мүмкін.
Шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жол-патрульдік полициясымен бірнеше отырыс өткізілді. Рәсімдердің уақыты мен орнына байланысты қозғалысқа тиісті шектеулер мен тыйымдар енгізіледі.












