Тегеран останындағы ең ірі күн электр станциясы саналатын қуаттылығы 63 мегаваттық «Шамсабад» жобасы электр энергиясының тапшылығын азайту және өнеркәсіп орындарын энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жақында пайдалануға беріледі.
Тегеран останындағы қуаттылығы 63 мегаватт болатын ең ірі күн электр станциясы «Шамсабад» индустриялық аймағына таяу жерде іске қосылады.
Бұл жоба электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында Иранның жаңартылатын энергия көздері ұйымы SATBA және Тегеран останының электр қуатын үйлестіруші компаниясының бірлескен жұмысымен және остан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Өткен жазда өнеркәсіп орындарының электр қуатын тұтынуының артуы мен жарықтың жиі өшуі жаңартылатын энергия көздерін дамытуды үкіметтің басты басымдығына айналдырды. Соның ішінде Иранның ең ірі өндірістік аймақтарының бірі саналатын «Шамсабад» индустриялық қалашығы көп жыл бойы электр энергиясын тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесінде қиындықтарға тап болып келген еді.
Аталған электр станциясы шамамен 97 гектар аумақта бой көтерген және әрқайсысы 3 мегаваттық 21 блоктан тұрады. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 1890 миллиард тұманды құраған. Бұл нысан «Шамсабад» индустриялық аймағына қажет электр қуатының айтарлықтай бөлігін өтейді деп күтілуде.













