Шанхай ынтымақтастық ұйымы лаңкестік пен әскери агрессияға қарсы тұруда маңызды рөл атқара алады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Аббас Арақчи Иран Ислам Республикасының осы ұйымға қатысты басымдықтары мен ұсыныстарына тоқталып, ШЫҰ әлемдегі қиын жағдайда тәуелсіз және құрылымдық позиция ұстанып, ұйымға мүше мемлекеттердің мүдделерін қорғап қана қоймай, жауапты, теңдестірілген және бірлескен аймақтық тәртіптің үлгісі ретінде қызмет етуі тиіс екенін баса айтты.
Аббас Арақчи Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Израиль режимі мен АҚШ-ның Иранға жасаған шабуылдарының ауыр зардаптарына жан-жақты тоқталып, ұйымға мүше елдерді мұндай әрекеттерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Арақчи: “АҚШ пен Израильдің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарына жасаған шабуылдары Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың, Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің қарарлары мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 487 қарарын өрескел бұзу болып табылады. Ешбір құқықтық норма бейбіт мақсаттағы ядролық нысандарға шабуыл жасауға мүмкіндік бермейді.
Израиль режимінің Иранға қарсы басқыншылығы БҰҰ Жарғысының 2-бабының 4-тармағын айқын бұзу болып табылады”, -деді.
















