ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттарының отырысы келесі жылы Иранда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сот жүйесінің төрағасы Ғоламхоссейн Моһсени Эжеи мәлімдеді.
Иран Сот жүйесінің төрағасы Моһсени Эжеи Қытайға ресми сапарынан оралғаннан кейін сұхбат беріп, келесі жылы Иранда ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттары басшыларының кездесуі өтетінін айтты.
Ғоламхоссейн Моһсени Эжеидің айтуынша, қазіргі уақытта отырысты өткізуші тарап туындаған сын-қатерлерді анықтау, оларды шешу әдістері мен ұсыныстар жинау туралы шешім қабылдаған.
Иран Сот жүйесінің төрағасы сот делегациясының ШЫҰ-на мүше елдердің сот органдары басшыларының 20-шы отырысына қатысудағы жетістіктеріне тоқталып: “Бүкіл әлемде әділет, бейбітшілік пен тұрақты қауіпсіздікті орнатуға ұмтылатын елдер өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты барынша нығайтуы керек. Сондай-ақ, диктатор мемлекеттердің өз дегендерін таңуына бірлескен күш-жігер арқылы жол бермеу керек”, — деді.
Айта кетейік, Иран Сот жүйесінің төрағасы Ғоламхоссейн Моһсени Эжеи Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ШЫҰ-на мүше елдердің сот органдары басшыларының 20-шы отырысына қатысты.


















