Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ның Бас хатшысы болды.
Еуразия Тудей бұл туралы шешім Астанадағы ШЫҰ cаммиті барысында қабылданғанын хабарлайды.
Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметін 2025-2027 жылдары атқарады. Бұған дейін ол Бас хатшының орынбасары қызметінде болды.
Нұрлан Ермекбаев бұл қызметке жаңа жылдың қаңтар айының бірінен бастап кіріседі.
Ермекбаев 2022 жылы қаңтарда қызметіне кіріскен қытайлық Чжан Миннің орнына келеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы — ұйымның ең жоғарғы әкімшілік қызметкері.
ШЫҰ-ның Бас хатшысы ұйым жұмысына басшылық етіп, ұйым жұмысын үйлестіреді әрі ұйымның күнделікті қызметіне жауапты. Бас хатшы ұйым отырыстарына қажетті құжаттарды дайындап, ШЫҰ-ның ресми құжаттарын таратуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар ШЫҰ-ның шешімдерін жүзеге асырып, ШЫҰ-ға мүше елдермен тұрақты байланыста болады.
Бас хатшы әртүрлі деңгейдегі конференциялар және отырыстарды ұйымдастырады. Сондай-ақ, ұйымды халықаралық деңгейде таныстыру мақсатында әртүрлі халықаралық іс-шараларға қатысады.
















