ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тәжікстанға мемлекеттік сапары барысында Эмомали Рахмонмен кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тәжікстанға шілденің 4-6 күндері ел президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен мемлекеттік сапармен келеді.
Сапар аясында Си Цзиньпин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екіжақты келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар, ҚХР Төрағасы бірқатар басқа да ресми іс-шараларға қатысады деп күтілуде.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин сапар барысында Қытай Парламенті пен Үкіметінің жаңа ғимараттарының ашылу салтанатына қатысады. Қазіргі кезде олардың аумақтарын абаттандыру бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде.
Си Цзиньпин Тәжікстан сапарына дейін шілденің 2-4 күндері ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанда мемлекеттік сапармен болып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Отырыс аясында экономикалық және энергетикалық саланы дамыту, сондай-ақ, елдер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда.


















