Кеше, дүйсенбі күні Израиль тарапы соңғы айларда Газа секторында ұсталған 55 палестиналықты босатты.
Бұл туралы Еуразия Тудей АР агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Түрмеден босатылғандар арасында Газа секторындағы ең үлкен Аш-Шифа ауруханасының басшысы Мохаммад Әбу Салмия бар. Мохаммад Әбу Салмияны Израиль әскери күштері 2023 жылдың қараша айында ХАМАС тобына мекемені пайдалануға рұқсат берді деген күдікпен ұстаған болатын.
Палестиналық БАҚ-та жарияланған бейнежазбада Мохаммад Әбу Салмия тұтқындағы палестиналықтардың күнделікті физикалық және психологиялық қорлауға ұшырайтынын айтып, Израиль билігін «палестиналық тұтқындарға қатыгездік жасады» деп айыптады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль рейдтері Газа секторындағы бірнеше аурухананы жабуға немесе қызмет көрсету көлемін күрт қысқартуға мәжбүр еткен.
Сонымен қатар ауруханалар әскери мақсатта пайдаланылса, халықаралық құқыққа сәйкес, қорғаудан айырылуы мүмкін екенін алға тартуда.
Соңғы күндері Газа секторының солтүстігінде әскери операциялар күшейіп, жаппай бомбаланды. БҰҰ мәліметтері бойынша, осы күндері ондаған мың адам бұл аймақтан қоныс аударған.
Израильдің Газа секторындағы шабуылдары мен бомбалауларынан 37 700-ден астам адам қаза тапты.



















