ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Еуразия Тудейдің Ақордаға сілтеме жасап хабарлауы бойынша биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Бұл Си Цзиньпиннің Қазақстанға бесінші сапары болмақ.
Айта кетейік, Ел ордасы Астанада шілденің 3-4 күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары келеді.















