Газада iPhone 17 смартфонының енгізілуі гуманитарлық көмек пе әлде басқыншылықтың жаңа сценарийі ме деген сауалдар туындауда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша соңғы күндері Газа секторында iPhone 17 смартфонын сатып алу үшін тізілген ұзын кезектің суреттері әлеуметтік желілерде көптеген реакция тудырды.
Бұл суреттер осы аймақ халқы әлі де азық-түлік, дәрі-дәрмек, шатыр және жылытатын құралдардың тапшылығын қатты сезіп отырған жағдайда жариялануда.
Жергілікті дереккөздері сионистік режим шатырлар мен тұрмысқа қажет алғашқы заттардың енгізілуіне рұқсат берудің орнына Газаға мыңдаған iPhone 17 смартфонын кіргізгенін хабарлауда.
Кейбір сарапшылар мұның Ливандағы пейджерлер оқиғасына ұқсас екенін айтып, бұл әрекеттің мақсаты Газа халқын бақылау немесе тіпті оларға қарсы қауіпсіздік саласындағы тағы бір қитұрқы әрекет болуы мүмкін екенін ескертуде.












