Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік Иранмен толыққанды ынтымақтастықты және оның ядролық нысандарына инспекцияларды қайта жандандыруға мүдделі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы ұйымның Бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.
Гросси: “Біз Иранмен ынтымақтастықты қалпына келтіріп, ядролық нысандарға инспекцияларды қайта бастауға ниеттіміз”, -деді.
Гроссидің бұл мәлімдемесі Басқарушылар кеңесінің қабылдаған қарарынан бір күн бұрын айтылды.
Қарарда Иранның байытылған уран қорының жағдайы және бомбаланған ядролық нысандар туралы жедел хабарлауға тиіс екені айтылған.
Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси қараша айының басында Иран байытылған уранның көп бөлігін сақтап қалғанын айтты.
Ол Financial Times басылымына берген сұхбатында Израиль мен Америка Құрама Штаттарының соққыларынан келтірілген залал айтарлықтай екенін, алайда байытылған уранның барлығы болмаса да, көп бөлігі әлі де Иранда екенін айтты.
Айта кетейік, Израиль режимі 13 маусымда Иранға қарсы соғыс ашқан кезде Америка Құрама Штаттары қақтығысқа араласып, Иранның үш ядролық нысанына, атап айтқанда Натанз, Фордо және Исфаһандағы кешендерге шабуыл жасады.
Қақтығыстан кейін Иран бірнеше айға Агенттікпен ынтымақтастықты тоқтатты.
10 қыркүйекте ол қайта қалпына келтіріліп, 12 қазанда Иран Агенттікпен жасалған келісімнің күшін тағы тоқтатты. Дегенмен Агенттікпен шектеулі көлемде инспекция жүргізу құқығы сақталды.



















