Иран Талибан қозғалысына ауғанстандық тұтқынды тапсырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран 292 ауғанстандық тұтқынды еліне қайтарды. Бұл туралы Иранның Әділет министрлігі кеше, сейсенбі, 25 қараша күні мәлімдеді.
Ауғанстандық тұтқындар Догарун мен Ислам-Кала шекара бекеттері арқылы Талибан қозғалысының билігіне тапсырылған.
Министрліктің мәліметінше, Ауғанстанға қайтарылған тұтқындар негізінен есірткіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша ұсталған.
Иранның Әділет министрлігі тұтқындарды Ауғанстанға қайтару үдерісі екі ел арасында қол қойылған екіжақты келісім аясында жалғаса беретінін мәлімдеді.


















