Сионистік режимнің ақпарат құралдары Иран билігі мен ХАМАСтың күшейюінен үрейленеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша сионистік режимнің Jerusalem Post газеті бас мақаласында он екі күндік соғыстан кейін Иран Ислам Республикасының билігі мен одақтастарының күшеюіне қатты алаңдаушылық білдірді.
Осы мақаланың «Ливандағы Хезболланың қайта құрылуы және жандануы» деп аталатын бөлімінде: «Ливан үкіметі мен әскері де саяси және логистикалық көптеген себепке байланысты бұл топты қарусыздандыру жөніндегі міндеттемелерін құрылымдық тұрғыдан орындай алмайды», — деп жазды.
Jerusalem Post бұл мәлімдемені Израиль барлау агенттіктерінің тұжырымдарымен байланыстырып, былай деп жазды: «Израильдің барлау қызметкерлері жақында Кнессеттің Сыртқы істер және қорғаныс комитетіне «Хезболла» өзін Израиль қорғаныс күштері бомбалай алатыннан да тезірек қайта қаруландырып жатқанын хабарлады».
Jerusalem Post газеті осы факторларға сүйеніп, Иран мен Израиль арасында қақтығыс қайталанса, Иранның Израильден кек алуы алдыңғыға қарағанда әлдеқайда үлкен қауіп төндіреді деген алаңдаушылық білдірді.












