Иранның «соғыстағы жүрегі» Сирик айлағын АҚШ жүздеген рет бомбалағанына қарамастан осы жерден жауға қарай қанатты зымырандар әлі атылуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша 40 күндік соғыс кезінде және соңғы күндері бірнеше рет шабуылға ұшыраған орталықтардың бірі — Иранның оңтүстігіндегі Һормозган останының стратегиялық жағалаудағы қалаларының бірінде орналасқан «Сирик» айлағы. Айлақты соңғы айларда АҚШ жүздеген рет бомбалағанына қарамастан, кеше ғана осы айлақтан Ормұз бұғазында ереже бұзған кемеге қарай қанатты зымыран атылды.
Америкалық жаудың беделін түсіріп, оны күлкіге айналдыратын бұдан артық ештеңе жоқ. АҚШ бұл аймақтағы Иранның зымырандық және ұшқышсыз аппараттарды ұшыратын қондырғыларын жойғаны туралы жүздеген рет мәлімдеме жасап, мақтанғанымен дәл соңғы нүктеден тағы соққы соққы жасалды.
«Осы айлақтан АҚШ күштері мен Ормұз бұғазындағы ереже бұзушы кемелерге қарай зымырандардың әлі атылуының себебі неде?» деген сұрақ туады.
АҚШ-тың басты мәселесі Иранмен соғысу тілін түсінбеуі мен Иран Қарулы Күштерінің ұрыс жүргізу тұжырымдамасын ұғынбауында және ирандықтар да өзі сияқты әрекет етеді деп ойлауында.
Америкалық жаудың Иранмен шайқастағы ең үлкен қателігі мен жеңілісінің негізгі себебі — өзінің заманауи техникасы мен мүмкіндіктеріне қатты сенім артқандығында. Олардың бюджеті мен қару-жарағы көп, мүмкіндіктері ауқымды болғандықтан және өздерінің ойынша, Иран туралы барлау мәліметтері толық болғандықтан, Ормұз бұғазын бақылауда ұстай аламыз деп есептейді. Бірақ олардың ойлар мүлдем қате болып шықты.
Иран Қарулы Күштері АҚШ армиясының тактикасын өте мұқият зерттеп, талдап шыққан. Жоғары шенді әскери басшылардың бірінің айтуынша, Иран өткен жылдар бойы үздіксіз «алдау операцияларын» жүргізіп келген. Иран осыдан 35 жыл бұрын-ақ АҚШ-пен соғысқа кіретінін білген.
Осы уақыт ішінде Иран жаудың тактикасын жақсылап зерттеп, соған сәйкес көптеген әскери жаттығу өткізді. Осы соғыстың түрін біле отырып, Парсы шығанағы жағалауының бойында өз инфрақұрылымын кең құрды.
Қазіргі уақытта Иранның 2500-ден астам нүктесінде жүз мыңдаған зымыран, жүз мыңдаған дрон және ондаған мың ұшыру қондырғылары шашырап орналасқан.
Ешбір асқан держава, ешбір күш немесе әскер бұл әлеуеттің тіпті 10 пайызын да Ираннан тартып ала алмайды.
Иран бұл үшінші соғысқа өзінің осы қуатының тек 10 пайызымен ғана кірісті. 800-ге жуық база, яғни Иран әскери күштерінің ұрыс қабілетінің үштен біріне жуығы ғана іске қосылды.
Сондықтан жаудың таңғалып, абдырап қалуы заңды: Иранның қолбасшылық және шешім қабылдау орталықтарынан алыс, шалғайда орналасқан «Сирик» атты кішкентай айлақ жүздеген рет бомбаланса да, одан қалайша кемеге қарсы зымырандар әлі атылып жатыр?!
Міне, АҚШ әскери қолбасшыларының түсінбейтіні де — осы. Олар бүгінде Сирик айлағы Иранның соғыс жүрегі екенін және Иранның жағалау бойымен әрі елдің ішкі түкпірінде Сирик сияқты жүздеген орталық салғанын шынымен білмейді. Бұл жағдай АҚШ-тың әскери лауазымды тұлғаларын тығырыққа тіреп, соғысты АҚШ-тың зиянына шешілетін тоздыру кезеңіне жеткізді.












