Сирияда жүздеген әләви бүгін осы елдің қалалары мен жағалау првинцияларында Дамасктегі билеуші бүлікшілерге наразылық білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша наразылар Сириядағы әләвилер ислам кеңесінің басшысы шейх Ғазал Ғазалдың шақыруымен қаланың негізгі орындарында жиналып, сектанттық қысым мен құқықтардың жүйелі түрде бұзылуына наразылық білдірді.
Наразылар «Лаңкестікке жол жоқ!», «Секталық дискриминацияға жол жоқ!», «Баршаға құрмет!», «Біртұтас Сирия!» деген ұрандар айтып, құрықталғандары азат етуді, адам ұрлауды, өлтіруді доғаруды, елде орталықсыздандырылған жүйе енгізуді талап етті. Олар талаптарының тек адам құқығы және әлеуметтік деп атап, Сирияда бейбітшілік пен тату өмір сүруді қалайтындарын баса айтты.
Сирия қауіпсіздік күштері Латакия қаласында демонстранттар тобын тарату үшін қару қолданып, оқ атты.












