Сириядағы түрмеден ДАИШ содырлары жаппай қашуда.
Сирияның шығысындағы күрд жасақтары мен сириялық бүлікшілер арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты жексенбі күні кешке қауіпсіздік қызметтеріндегі дереккөздері күрд жасақтарының бақылауындағы аймақтың маңында орналасқан «Әл-Маамиль» түрмесінен ондаған ДАИШ мүшесінің жаппай қашқанын хабарлады.
Мәселенің өте маңыздылығына байланысты атын атамауды өтінген ақпарат көзі Ирактың «Al-Maalouma» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында былай деп түсіндірді:
«Сирия демократиялық күштері — күрд жасақтары бөлімшелерінің түрме айналасынан кетуінен туындаған қауіпсіздік саласындағы бейберекеттік тұтқындардың қашып кетуіне қолайлы жағдай жасады».












