Сирияның батысындағы әл-Қардахе қаласындағы шерушілерге қарсы оқ атылып, салдарынан бір адам қаза тапты.
Еуразия Тудейдің Al Mayadeen арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша хабар дереккөздері Сирияның батысындағы әл-Қардахе қаласында шерушілерге қарсы Әбу Мохаммад әл-Джуланиге қарайтын әскери күштердің оқ атуы салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам жарақат алған.
Дереккөздерінің мәліметі бойынша бұл әрекетті «Тахрир әш-Шам» тобының қолбасшысы Әбу Мохаммад әл-Джуланиге қарайтын «Әскери операциялар кеңсесі» мүшелері жүзеге асырған.
Хабар дереккөзінің мәліметіне сәйкес, «Әскери операциялар кеңсесінің» мүшелері осы елдің бұрынғы Үкіметі күштерінің бір әскериінің үйін басып алғаннан кейін адамдар олармен қарсыласып, соңы қақтығысқа ұласқан.
Қақтығыстанрдан кейін әл-Джуланиге қарайтын әскери күштердің бекеттеріне жақын маңда ондаған адам шеруге шыққан.
Әл-Джуланидің әскерилері де оқ атып, осы қалаға үлкен көлемде әскери құрал-жабдық пен қару-жарақ енгізген.
Осы іспен бір мезгілде Сирияның екі провинциясында, атап айтқанда Латакия мен Хомс провинцияларының бірнеше аймағында адамдарды құрықтау басталды. Мұндай қатынас адамдардың қатты ашуын тудырды.












