Судандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жедел әрекет ету күштерінің осы елдегі бір ауылға жасаған шабуылы салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты.
Еуразия Тудейдің Isna агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Sudan Tribune интернет сайты судандық белсенділердің азаматтық қарсыласу комитеттері жариялаған мәлімдемеге сілтеме жасап, Әл-Жазира провинциясындағы «Вад ал-Нура» ауылына жедел әрекет ету күштері жасаған шабуылдан кемінде 100 адамның қаза тапқанын хабарлады.
Мәлімдемеде: «Вад әл-Нура» ауылына жылдам әрекет ету әскери жасақтары жасаған екі шабуылы салдарынан кемінде 100 адам қаза тауып, осы ауылда жаппай қырғын орын алды. Жедел әрекет ету күштері ауыл халқына қарсы ауыр артиллериялық оқпен ауыр шабуыл жасап, жүз адамды өлтіріп, жалғасында ауылды толығымен тонап кетті» деп жазылған.
Аталған комитеттер шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты санының әлі белгісіз екенін хабарлады.
Комитеттер өз мәлімдемесінде осы ауылда болған оқиғаны жаппай қырғын және жедел әрекет ету күштері жүзеге асырған кең ауқымды қылмыс деп атады.
Жоғарыда аталған комитеттер осы шабуылдардың құрбандарын сол аймақтың көптеген тұрғынының қатысуымен үлкен алаңда жерлеген видео жариялады.
Мұның алдында, кеше, сәрсенбі күні азаматтық қарсыласу комитеттері таңертең жедел әрекет ету күштерінің бұл ауылды ауқымды түрде қоршауға алғанын, ауылға шабуыл жасау үшін қатты атыс ашқаны туралы ескерткен болатын.
Жедел әрекет ету күштері 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Әл-Жазира провинциясының бірнеше қаласын, соның ішінде «Вад Мадани» қаласын бақылауға алды.
Суданның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әл-Жазира губернаторы Әл-Таһир Ибраһим әл-Хайр Вад әл-Нура ауылында жедел әрекет ету күштерінің жасаған қатыгездіктерін айыптап: «Осы ауыл мен оның маңындағы ауылдарда жасалған әрекеттер соғыс қағидаттарына қайшы. Бұлар кең масштабты соғыс қылмысы болып табылады. Халықаралық қоғамдастық оны айыптап, қылмыскерлерді тергеп, соттауы тиіс» деді.
Жедел әрекет ету күштері бұл мәселеге әлі жауап берген жоқ.
Әл-Жазира провинциясында орналасқан Вад Әл-Нура Хортум провинциясымен іскерлік қарым-қатынасқа ие.
2023 жылдың сәуір айының ортасынан бері Судан армиясы елдің басқарушы кеңесінің басшысы Абдул Фаттах әл-Барханның қолбасшылығымен Мұхаммед Хамдан Дағло Хамидати басқаратын жедел әрекет ету күштерімен қақтығысып жатыр.
БҰҰ деректеріне сәйкес, осы уақытқа дейін қақтығыстар салдарынан 15 мыңға жуық адам қаза тауып, 8 миллионнан астам адам босқынға айналды.


















