Түркияның Газа секторына гуманитарлық көмек жүгі тиелген Қызыл Жарты Ай кемесі Мысырға келді.
Anadolu агенттігінің хабарлауы бойынша, 2 737 тонна гуманитарлық жүк тиелген Түркияның Қызыл Жарты Ай кемесі Мысырдың Al Arish портына жетті.
Түркияның Қызыл Жарты Ай қоғамының мәлімдеуінше, бұл қазан айының басынан бастап зардап шеккен Газа секторындағы тұрғындарға көмек ретінде көрсетіліп отырған жетінші кеме.
«Мейірімділік» деп аталатын бұл кеме ұйым тарапынан Газа секторына жіберілген барлық кемелердің ішіндегі ең үлкені болып табылады.
Гуманитарлық кемені Түркияның Қызыл Жарты Ай қоғамының төрағасы Фатма Мерич Йылмаз және аймақтағы ұйымның өкілдері қарсы алды. Көмек Рафах шекара бекеті арқылы Газа тұрғындарына мүмкіндігінше тезірек жүк көліктерімен жеткізіледі деп жоспарланған.
2 737 тонна гуманитарлық көмек ішінде дайын тамақтар, су, ұн, киім-кешек, гигиеналық заттар, шатыр, ұйықтайтын қаптар, көрпелер, медициналық құрал-жабдықтар мен жаңа туылған нәрестелерге арналған заттар бар.
Көмек көліктерінің Газа секторына жылдам жетуін қамтамасыз ету үшін Түркия Қызыл Жарты Ай қоғамы, Мысыр және Палестина Қызыл Жарты Ай ұйымдарымен бірлесе әрекет етуде.



















