Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов кеше, 20 сәуірде Ашхабадқа ресми сапармен келген Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Израиль мен Түркіменстан және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелерін, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік тақырыбын талқылады.
Бердімұхаммедов пен Коэн шекараларды қорғау, су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы технологиялары саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастық перспективасына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында Түркіменстанмен қарым-қатынастың Израиль үшін стратегиялық маңызы бар екендігі атап өтілді.
Тақырыпқа орай:
Коэн Түркіменстанның Израильдегі елшілігін ашуды қарастырып жатқандығын және бұл екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтатынын атап өтті.
Израиль кеше, 20 сәуір күні Түркіменстанда өзінің тұрақты елшілігін ашты. Елшіліктің ашылу салтанатына Израиль мен Түркіменстанның Сыртқы істер министрлері Эли Коэн мен Рашид Мередов, сондай-ақ бірқатар шет елдердің елшілері қатысты.
Айта кетсек, биыл Израиль мен Түркіменстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.










