Түркіменстан тұрғындарды той кезінде Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндерін қоюға міндеттеп отыр.
Мaxala.org мәліметінше, Түркіменстанда шетелдік музыкадан бас тарту жөнінде ресми бұйрық жоқ, алайда бұл нұсқаулар тек АХАЖ арқылы ауызша берілген.
Балқан облысындағы дереккөздерге сүйенсек, АХАЖ-ға барған жас жұбайларға үйлену тойы ұлттық сипатта өтуі және Гурбангулы Бердімұхамедовтың әндерін тойда қойылатын музыка арасына қосуға, ал шетелдік музыкадан бас тартуға міндеттелген.
Сонымен қатар, мейрамхана иелері той кезінде әндердің кемінде 80 пайызы түркімен тілінде өтетінін қадағалайды.
Айта кетсек, Гурбангулы Бердімұхамедов ән шырқайды, кітап, өлең және ән жазады. Оның халқына, елі мен сүйікті жылқысына арнаған әндері бар.












