Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселе

  • Қоғам, Сұхбат
  • 4 декабря, 2023 14:44

Loading

Соңғы кезде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары ушығып кетті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі отбасылық зорлық-зомбылықтың  құрбаны болған қыз-келіншектер өз оқиғаларымен ашық бөлісе бастады.

Жақында алматылық Жансая (ред. есімі өзгертілген) күйеуінен зәбір көріп, қаладағы дағдарыс орталығын паналады. Келіншектің айтуынша, жұбайы түрлі себепті сылтауратып, оны жиі тепкінің астына алады. Соңғы рет күйеуі қатты соққының астына алғаны сонша, келіншек есінен айырылды. Өміріне қауіп төнген әйел, күйеуін полицияға тапсырып, екі баласымен дағдарыс орталығына келді. Жансая екі баласының болашағына алаңдап, рақымсыз күйеуімен ажырасып, жаңа өмір бастағысы келеді. Келіншекке дағдарыс орталығында жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл мәселе әлі күнге өз маңызын жоймай келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалай тоқтатамыз, оның алдын алу үшін не істеуіміз керек?

Тақырыпқа орай:

ЕО Израильден зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуды талап етті

ЕО Израильден зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуды талап етті

15.11.2025

Біз Алматыдағы «Дағдарыс орталықтары одағының» төрайымы Зүлфия Байсақовамен әңгімелесіп, жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздедік.

Тілші: Зүлфия ханым, сіздің ойыңызша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына не себеп болады?

Зүлфия Байсақова: Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық еліміздегі ең өзекті мәселеге айналды. Сараптама жүргізетін болсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауының бірнеше себебі бар: мәселен, материалдық жағдай, яғни тұрақты жұмыс пен табыстың жоқтығы. Баспананың болмауы. Сонымен қатар ішімдік пен нашақорлыққа салыну. Өйткені маскүнем немесе нашақор өз әрекетіне жауап бермейді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тағы бір себебі – құмар ойын, лудомания. Басқа да себептер жеткілікті. Қазір бір үйде тұратын жақын адамдардың бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуі, сондай-ақ таныс пен туған-туыс арасында, бірге бизнес жүргізетін достар арасында да зорлық-зомбылық көбейіп жатыр.

Тілші: Дағдарыс орталығынан пана іздеп келетін қыз-келіншектер мен балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Зүлфия Байсақова: Тұрмыстық-зорлық зомбылық көрген келіншектер мен балаларға көмектесудің бірнеше жолы бар. Мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әрбір келіншек әлеуметтік оңалту орталығынан қажетті көмектің бәрін тегін ала алады. Тегін тұрады, бес уақыт тамақпен қамтылады.

Сонымен қатар психологиялық қолдау, заңгерлер тарапынан құжаттарын реттеу, мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алу үшін құжат дайындау жұмыстары жүргізіледі. Орталықтағы қыз-келіншектер тігін тігуге, массаж жасауға үйрететін курстарды тегін меңгеріп, алдағы уақытта жаңа кәсіпті игеруіне мүмкіндік алады.
Орталықтың арнайы мамандары курс өткізіп, оның толыққанды мамандық алып шығуына септеседі.
Біздің орталыққа әйелдер балаларымен келеді. Қазір орталықта 47 адам бар: 19 келіншек, қалғандары – балалары.

Соңғы кезде отбасылық зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуі алаңдатпай қоймайды. Одан зардап шегетіндердің қатары көп. Ал осындай отбасындағы балалар үшін елде оңалту орталықтары жоқ. Балалар зомбылық құрбаны саналмайды, олар тек анасымен бірге келуші ретінде саналады. Меніңше, бұл дұрыс емес. Одан бөлек, бізде «150» сенім телефоны бар. Сенім телефоны тәулік бойы қызмет көрсетеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кез келген адам хабарласа алады. «Не істеу керек?», «Қайда барады?», «Қандай шешім қабылдайды?». Осы сияқты сұрақтарға жауап ала алады. Сенім телефонына хабарласу тегін.

Еліміздің кез келген аймағынан хабарласып, тегін кеңес алатын мүмкіндік бар. Өкінішке қарай, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр. Олай дейтінім, әрбір үшінші отбасында зорлық-зомбылықтың белгілері бар. Әрбір үшінші әйел психологиялық және дене жарақатын алады.

Тілші: Дағдарыс орталығындағы қыз-келіншектер қанша уақыт тұра алады? Отбасына қайта қосылып, олардың жағдайы реттелуін қадағалайсыздар ма?

Зүлфия Байсақова: Негізі, заң бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары 6 айға дейін ғана тұра алады. Орталықтың мақсаты – олардың мәселесін тездетіп шешу. Әйелдерге барынша психологиялық қолдау көрсету және сол оқиғаны ұмытуына, қатарға қосылуына септігін тигізу. Осы уақыт аралығында қыз-келіншектердің мәселесі толығымен шешіледі. Өйткені біз әйелге жан-жақты қолдау көрсетіп, мәселесінің толық шешілуіне көмектесеміз. Әйелдің экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болуына, жұмысқа орналасуына, қосымша кәсіпті игеруіне де жол сілтейміз.

Тілші: Бізде көбінесе отбасында зорлық-зомбылық көрсеткен адам қатаң жазаланбайды. Бір рет күш қолданған адам кейін де қол көтеруі мүмкін. Оларға қатысты заңды күшейту керек шығар?

Зүлфия Байсақова: Әрине, бұл – ең өзекті мәселе. Анасы ғана емес, әкесі де балаларына жауапкершілікті алуы керек. Бірақ тағы да қайталаймын, өкінішке қарай, отбасындағы зорлық-зомбылық бізде қылмыс деп қаралмайды. Егер оған қылмыстық іс ретінде қарасақ, агрессор заң аясында тиісті жазасын алар еді. Сондай-ақ, бала-шағасына тыныштық бермейтін агрессорға сенуге бола ма? Егер біз зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдермен жұмыс істеп, олардың түсінігін өзгертіп, психологиялық қолдау көрсетсек, күш көрсетуші адамға да өзінің жауапкершілігін мойнына алуын түсіндіруіміз керек.

Қазіргі таңда бұл жағынан да жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жылына біздің орталық 470 адамға көмек көрсетеді. Ал сенім телефонына жылына 70 мыңнан астам қоңырау келіп түседі. Біздің үнемі қозғап жүрген мәселеміз – тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандыру. Отбасында сойқан салып, күш қолданатын азамат өз әрекетінің дұрыс еместігін білуі, өз содан үлкен сабақ алуы керек. Сонымен қатар заң аясында жауап беруі тиіс. Біз мұндай жағдайдан әйелмен бірге баланың да зардап шегетінін ұмытпауымыз керек. Өйткені бала бәрін көріп өседі. Бала жүрегінде бұл көрініс сақталып қалады. Отбасылық зорлық-зомбылық маңызын жоймайтын мәселе. Оған қарсы қоғам болып күресуіміз керек. Әлі де жан-жақты зерттеп, зерделеп, шешу жолдарын ойластыруымыз қажет.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Құдайсүгір Сүндет

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Дағдарыс орталықтары одағызорлық-зомбылықЗүлфия Байсақова
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

ЕО Израильден зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуды талап етті

ЕО Израильден зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуды талап етті

15.11.2025
Бес ел Израильдің екі министріне санкция салды

Бес ел Израильдің екі министріне санкция салды

11.06.2025
БҰҰ: Мыңдаған сириялық Ливанға қашты

БҰҰ: Мыңдаған сириялық Ливанға қашты

27.03.2025
FRA: Еуропадағы әрбір үшінші әйел — зорлық-зомбылықтың құрбаны

FRA: Еуропадағы әрбір үшінші әйел — зорлық-зомбылықтың құрбаны

10.03.2025

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Әзербайжанда Қазақстанның Мәдениет күндері басталды

Әзербайжанда Қазақстанның Мәдениет күндері басталды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.