Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин 2023 жылы қазанның 9 күні Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 27-ші отырысы аясында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Махди Сафаримен кездесті.
Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Иранның саяси, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, энергетикалық, мәдени, туризм және басқа да салалардағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.












