Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзода Қырғыз Республикасына келді.
КР Премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауы бойынша Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзоданы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев қарсы алды.
Айта кетейік, Кохир Расулзода 26 қазанда Бішкек қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысады.













