Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин Америка Құрама Штаттарының сенаторы, Сенаттың Ұлттық қауіпсіздік және үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 2023 жылғы 22 тамыздағы кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық, гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылап, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың кең мүмкіндіктерін пайдалану жөнінде пікір алмасты.












